Ферментативтік катализдің жылдамдығына субстрат пен фермент-тің концентрацияларының әсері.  

Ферментативтік катализдің жылдамдығына субстрат пен фермент-тің концентрацияларының әсері.

Субстраттың концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы алғашқыда артады, себебі ферменттің активті орталықтары субстратпен толтырылады, ал субстрат концентрация жоғарылағанда, ферменттің активті орталығы толық қаныққандықтан, реакция жыл-дамдығы өзгермейді. Реакция жылдамдығының фермент концентра-циясына тәуелділігі тура пропорционал артады. Себебі ферменттің концентрациясы артқан сайын оның активті орталықтары да көбейеді.

Бәсекелес ингибрлену, мысалдар.

27.Бәсекелес емес ингибрлену, мысалдар.

Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.

Реакция арнайылықтарына қарай барлық белгілі ферменттер 6 класқа жіктеледі:

1. Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді.

2. Трансферазалар – атомды немесе атомдар тобын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.

3. Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға дейін ыдырауын катализдейді.

4. Лиазалар – күрделі заттарды судың қатысуынсыз ыдыратады.

5. Изомеразалар – изомерлену реакцияларын катализдейді.

6. Лигазалар немесе синтетазалар – АТФ-ті пайдалану арқылы синтездеу процестерін жүргізеді.

Әрбір класс топқа, ал ол топшаға, ол топшадағы тұрған орындарына қарай жіктеледі.

Ферменттің аталуы субстраттың атына –аза жалғауы қосыла, немесе катализдейтін реакцияның атына – аза жалғауы қосыла аталады.

Гликозидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Гликозидазалар, өкілдері, орналасуы, каталитикалық әсері.

Гликозидазалар топшасы гликозидтік байланыстарды үзеді, жасуша-ларда, тағам қорытатын сөлдерде болады, бірақ асқазан сөлінде бол-майды. Өкілдері: амилаза- крахмал мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады; мальтаза мальтозаға әсер етіп оны екі молекула глюкозаға дейін ыдыратады; сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады; лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады; g- амилаза гликогенді глюкозаға дейін ыдыратады.

Эстеразалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Эстеразалар, жіктелуі, өкілдері, каталитикалық белсенділігі, таралуы.



Эстераза тобы 6 топшаға бөлінеді. Карбон, қышқылдарының эфир-лерінен тұратын эстеразалар липидтердің күрделі эфирлерін гидролиз-дейді. Өкілдері:

1) липазалар, тағам қорытатын сөлдерде кең қолданылады(асқазан, ұйқы безі, ішек), липидтердің гидролизін тездетеді(ТАГ);

2) фосфолипазалар, фосфолипидтердің гидролизін тездетеді. Фосфоэсте-разалар фосфор қышқылынан құралған күрделі эфирлік байланыстар-ды үзеді. Өкілдері: глюкоза-6-фосфатаза, АТФ-аза, ФДЭ-аза және т.б.

Пептидгидролазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Пептидазалар(пептидгидролазалар), құрылымы, жіктелуі, каталити-калық әсері, орналасуы.

Пептидгидролазалар топшасы белоктарға әсер етеді және пептидтік байланыстардың үзілуіне мүмкіндік туғызады. Ол 2 топшадан тұрады:

- эндопептидазалар- белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады;

- экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байланыстарды үзіп оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді.


5635832630631918.html
5635901464628508.html
    PR.RU™