Маркетингтік коммуникация процесі

Коммуникация процесі басқару процесінің маңызды, мәнді бөлігі болып табылады. Маркетингте коммуникация процесі тұтынушыларға бағытталған, демек ол барынша тиімді болуы үшін әбден ойластырылып, жүйелі сипатта болуы керек. Коммуникациялық процесс тұтынушы секілді санаттың барлық ерекшеліктерін, оның жас мөлшерін, білімін, қызығушылығын, нені ұнататынын ескеруі керек. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігін, басылымның көпшілікке жетуін, хабардың эфирге шығу уақытының қолайлығын және т.б. назарға алуға тиіс. Тиімді маркетингтік коммуникация процесінің мынадай кезеңдері бөлінеді. Бірінші екі элемент – коммуникацияның негізгі қатысушылары, яғни жіберуші мен алушы. Содан кейінгі екеуі – коммуникацияның негізгі қарулары, яғни ақпарат тарату құралдары

Ең соңғы элемент – жүйедегі кездейсоқ кедергілер. Жіберуші – басқа жаққа жолдау жіберуші тарап. Кодтау – ойды бейнелеп беру процесі. Жолдау – жіберуші тарататын символдар жиынтығы. Ақпарат тарату құралдары – жолдау жіберушіден алушыға жеткізетін коммуникация арналары. Шешу – алушының жіберуші таратқан символдарға мән беру процесі. Алушы – басқа тарап таратқан жолдауды қабылдаушы тарап. Жауап әрекеті – алушының жолдауды қабылдау кезеңінде білдірген пікірлерінің жиынтығы.

Кері байланыс – алушының жіберуші назарына ұсынған жауап әрекетінің бөлігі. Кедергілер – коммуникация процесі барысында орын алатын тосыннан араласу немесе бұрмалау салдарынан жіберуші таратқан жолдаудан өзгеше жолдау келіп түсуі. Үлгі тиімді коммуникацияның басты факторларын тауып береді. Жіберуші қандай аудиторияның жауабын алғысы келетінін білуі керек. Олар мақсатты аудитория әдетте қолданатын шешу процесінің ерекшелігін ескере отырып, жолдауды шебер кодтай білуге тиіс. Олар жолдауды мақсатты аудиторияға жететіндей етіп тиімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жіберуі керек.Олар өздерінің жолдауына аудиторияның жауап әрекетін біліп отыруы үшін кері байланыс арналарын жасауы керек. Мақсатты аудиторияның анықтауы қажет мәселе – нені айту, қалай айту, қашан айту, кімнің атынанайту керектігі туралы мәселе шешімге әсер етеді. Қалаулы жауап әрекетті анықтау мақсатты аудиторияның сатып алуға дайындығының 6 түрлі жағдайында өтеді: Хабардарлық –тауар не ұйым туралы мақсатты аудиторияның қаншалықты дәрежеде хабардар екенін анықтау қажет. Аудиторияның мүлдем хабарсыз болуы, тек атауын ғана білуі не атауынан басқа да нәрселерді білуі мүмкін. Егер аудиторияның басым бөлігі хабарсыз болып шықса, коммуникатордың міндеті – қажетті хабарды жеткізу, ең болмаса атауын білетіндей, танитындай жағдай туғызу. Білім– мақсатты аудитория фирма не оның тауары жайында хабардар болуы, бірақ басқа мағлұматтардан хабарсыз болуы мүмкін. Ізгі ниетті ықылас.Егер мақсатты аудитория тауарды білсе, ол жайында қандай пікірде болмақ? Алдымен кемшіліктерін ашып алып, содан соң барып артықшылықтарын әңгімелеу керек.



Жоғары бағалау.Мақсатты аудитория тауарға ізгі ниетпен қарауы және оны басқаларға қарағанда жоғары бағалауы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор тұтынушының жоғары пікірін қалыптастыруға тырысып бағады – ол тауардың сапасын, оның құндылығын, жұмыс сипаттамасын, басқа да қасиеттерін мақтай бастайды. Коммуникатор өзінің осы науқанының табысты болғаны жайында ол аяқталғаннан кейін тұтынушының жоғары пікірін қайта салмақтау нәтижесі бойынша айта алады. Сенім –мақсатты аудитория нақты тауарды жоғары бағалауы мүмкін, бірақ оны сатып алу қажеттігіне сенімі болмайды. Сатып алуды іске асыру –мақсатты аудиторияның кейбір мүшелері қажетті сенімге ие болғанымен, сатып алуды іске асыруға дайын болмайды. Бәлкім, олар сатып алуды іске асыруды кейінірекке жоспарлап, қосымша ақпарат алуды тосатын болар. Коммуникатор осы тұтынушыларды олардан талап етілетін соңғы қадамды жасауға жетектеуге тиіс. Сатып алуды іске асыруға жетелейтін тәсілдер ішінде тауарды төмен бағамен ұсыну, сатып алғаны үшін сыйлық беру, шектеулі мерзім ішінде тауарды сынап көруге ұсыну немесе таяу арада бұл тауарға қолы жетпей қалуы мүмкін екендігін тұспалдап жеткізу тәсілдері болуы керек. Жолдауды таңдау, жолдауға назар аударту, қызығушылығын жоғалтпай, талап-тілегін күшейту, іс-әрекет жасауға түрткі болу керек (ALDA ережесі). Жолдау жасау мынадай 3 мәселені шешуді көздейді:



— не айту – жолдаудың мазмұны үш себепке негізделеді. Орынды себеп, әсерге сүйену себебі, көңіл-күйге сүйену себебі;

— қалай жүйелі айту, жолдаудың құрылымын әзірлеу, негіздеуді, тұжырымды пайдалану;

— қалай мазмұнын беру, қандай символдарды, жолдау түрлерін – теледидар, радио, баспасөзді, т.б. пайдалану барынша тиімді болмақ.

— не айту – жолдаудың мазмұны үш себепке негізделеді. Орынды себеп, әсерге сүйену себебі, көңіл-күйге сүйену себебі;

— қалай жүйелі айту, жолдаудың құрылымын әзірлеу, негіздеуді, тұжырымды пайдалану;

— қалай мазмұнын беру, қандай символдарды, жолдау түрлерін – теледидар, радио, баспасөзді, т.б. пайдалану барынша тиімді болмақ.

Ақпарат тарату құралдарын таңдау, коммуникация арналарын анықтау жеке коммуникация арнасы (түсіндіру, насихат, сараптамалық баға, қоғамдық-тұрмыстық арна, қауесет пікірлер);

— жеке меншік емес коммуникация арнасы (бұқаралық және таңдаулы әсер ету құралдары);

— ерекше арнайы ахуал;

— оқиғалық сипаттағы іс-шаралар;

— жолдаудың түпнұсқасын сипаттайтын қасиеттерді таңдау;

— кәсіби біліктілік;

— адалдық;

— тартымдылық;

— кері байланыс ағымын есепке алу.

.


5225797027245493.html
5225860525028082.html
    PR.RU™